Спорт • 11 Қараша, 2022

Елге олжалы оралды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше шорт-тректен Қазақстанның ұлт­тық құрама командасын жан­күйер­лер, федерация қызметкерлері, туған-туыс­тары Астананың Халық­аралық әуе­жайынан гүл шоқтарымен күтіп алды.

Елге олжалы оралды

 

Расында да, осы спорт түрін серік еткен жігіттеріміз ондай құрметке лайық екені дау­сыз. Күні кеше ғана Канаданың Монреаль қаласында аяқталған Әлем кубогінің кезеңдік сайысында олар үш жүлде жеңіп алды. Атап айтсақ, Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша 5 000 метрлік қашықтықта күміс алса, Әділ Ғалиахметов 1 000 метрлік бәсекеде қолаға қол созды. Ал оның алдында ғана АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында Қазақстан құра­масы 5 000 метрлік эстафеталық сайыста мәре сызығын екінші болып қиып өткен еді.

Шорт-трек шеберлерінің дүбірлі додалары енді ғана қызып жатыр. Кеше дәл сол Солт-Лейк-Ситиде тағы бір байрақты бәсеке басталды. «Төрт құрлықтың турнирінде» қазақстандықтар да ел намысын қорғауда.