Бұған дейін Риддер жылу орталығының 6 нөмірлі жоғары қысымды қазандығында штаттан тыс жағдай орын алғаны хабарланған еді. ТЖ штабының мәліметінше, 2022 жылғы 11 қарашада сағат 8:00-де ЖЭО-да температура 57/44 градусты құрады. Сыртқы ауа температурасы - 2 градус.
«Қазір жылу орталығы штаттық режимде жұмыс істейді. № 6 қазандықта апат жойылды. Гидравликалық сынақтар жүргізіліп, сағат 8:00-де қазандық агрегатын жағу басталды. Алдағы сағаттарда қазандық желіге қосылып, жылу беріледі. Қала бойынша энергия тұтыну 9 Мвт құрайды (бұған дейін 12-19 МВт аралығында болған). Бұл үйлердегі температуралық режим қалпына келетінін білдіреді», деп хабарлайды штаб.
Сонымен қатар, бүгін ЖЭО-ға қосымша 4 мазут цистернасы жеткізілді.