Қазақстан • 11 Қараша, 2022

Қазақстанда жиһаз 25%-ға қымбаттаған

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сегіз айдың ішінде Қазақстанға 238 миллион доллардың тұрмыстық жиһазы әкелінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жиһаз 25%-ға қымбаттаған

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде жиһаз өндірісі 46,7 млрд теңгені құрады.

Жиһаз өндірісінің ең үлкен көлемі Алматыда тіркелген, жалпы құны -  13,4 млрд теңге.
Сондай-ақ көш басында тұрған Алматы облысында -  3,5 млрд теңге және Павлодар облысындағы жиһаз өндірісі 3,5 млрд теңгені құрап отыр. 

ИИДМ министрлігінің мәліметіне сай, өткен жылы елімізде жиһаз өнімдерін тұтыну нарығы 221 млрд теңгеге жетіпті.