Аймақтар • 11 Қараша, 2022

«Барахолка» базарындағы өрт сөндірілді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «барахолка» базарындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барахолка» базарындағы өрт сөндірілді

Жалынды ауыздықтау үшін 3 учаске құрылды. Өрт ошағын анықтауға тепловизорлар қолданылыпты. Тілсіз жау тұтанған орынға жеке құрамның 86 қызметкері, 25 техникасы мен қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылған.

«Қабылданған жедел шаралардың арқасында күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.