Ауа райы • 11 Қараша, 2022

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Алдағы күндерге ауа райы болжамы

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет орталығы 2022 жылғы 12-14 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Алдағы күндерге ауа райы болжамы

Синоптикатердің айтуынша, алдағы демалыс күндері және жаңа жұмыс аптасының басында республиканың көп бөлігіне кезекті Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер етеді.

- Бұл факторлар ауа райының тұрақсыздығына себеп болмақ. Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, елдің көп бөлігінде көктайғақ, боран күтілуде. Сондай-ақ 15-29 м/қатты екпінді жел күтіледі. Тек елдің оңтүстік өңірлерінде 12-13 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - делінген хабарламада.