Аймақтар • 11 Қараша, 2022

Рудныйда қайтыс болған егіз балалардың уланғаны расталды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудныйда қайтыс болған алты жасар екі баланың уланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Наш Костанай басылымына сілтеме жасап.

Рудныйда қайтыс болған егіз балалардың уланғаны расталды

«Сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша балалардың уланғаны расталды. Тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалды. Енді тергеу барысында бәрі анықталады», деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

12 қазанда екі ұл бала жедел жәрдем желісі арқылы Рудный ауруханасына түскен.

«Олар аяғындағы әлсіздікке, діріл мен ұйқышылдыққа және эмоционалдық тұрақсыздыққа шағымданған. Таңертең егіздер үйлеріне жіберілді. Өлім сол күні, ауруханадан шығарылғаннан кейін 12 сағаттан соң болған», делінген хабарламада.