Қазақстан • 11 Қараша, 2022

Елден заңсыз ақша шығармақ болғандардың жолы кесілді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері елден декларацияланбаған қаражат шығармақ болған азаматтардың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz

Елден заңсыз ақша шығармақ болғандардың жолы кесілді

Департамент таратқан мәліметтерге сүйенсек, «Астана-Ташкент» халықаралық рейсі жолаушыларының қол жүгін тексеру кезінде кеден қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтарынан 83 601 000 теңге сомасында декларацияланбаған қолма-қол қаражат анықталған.

Заң бұзушыларға қатысты материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін Астана қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы қаражатты Республика Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын сомада әкетуге тыйым салынады.