Бокс • 12 Қараша, 2022

Азия чемпионаты: 9 боксшымыз финалдық кезеңде өнер көрсетеді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бокстан Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатының  финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: 9 боксшымыз финалдық кезеңде өнер көрсетеді

Қазақстан атынан тоғыз боксшы ақтық сында өнер көрсетеді. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге дейін) және Қамшыбек Қонқабаев (92 келіден жоғары) алтын медальға таласады.

Иордания астанасынан тікелей трансляция Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.