Оқиға • 12 Қараша, 2022

Маңғыстау облысында атыс болды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында атыс болды

«Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-б. - 99 2-б. 9-т. (Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.