Алматы қаласында сайлау құқығы бар мүмкіндігі шектеулі 43 000-нан астам адам тұрады. Соның ішінде 6209 адамға дауыс беру кезінде ерекше жағдай қажет, деп хабарлайды Egemen.kz ОСК-ға сілтеме жасап.

«Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген. Барлық сайлау учаскелері бірінші қабаттарда орналасқан, пандустар мен тактильді көрсеткіштер бар. Бұдан басқа, сайлау учаскелерінде жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта мониторы бар компьютерлер қарастырылған. Сондай-ақ дауыс беру күні 54 инватакси қызмет етеді», деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Кеше
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Кеше
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Кеше
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар