Қазақстан • 13 Қараша, 2022

Шри-Ланканың төрт азаматы Қазақстаннан шығарылды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шри-Ланканың төрт азаматы Қазақстаннан шығарылды

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде ізін суытпай 11 қылмыс ашылды. Сондай-ақ мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 40 ұсақ бұзақылық фактісі, 200 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу дерегі, 51 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды.

Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тіркеді. Олар визада көрсетілген мерзімде ел аумағынан шықпаған.