Қазақстан • 13 Қараша, 2022

Қазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығын бірге дамытады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«AgriTek Shymkent 2022» алаңында тиісті келісімге Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығын бірге дамытады

Бұдан бөлек тараптар тұқым шаруашылығында бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен шаруаларды Түркия Республикасында оқытуға уағдаласты.

Түркия қазақстандық тұқым өндірушілермен жұмыс істеуге ниетті. Бұл  бағытта келіссөз жүргізу үшін құрамында 41 түрік компаниясының өкілі бар делегация Қазақстанға келді.

Жұмыс сапары аясында түрік делегациясы Шымкенттегі жеміс-жидек өсіретін «Александр бағына» барды. Кәсіпорынның 200 гектарының 15-іне Түркиядан әкелінген «голден делишес», «джероми», «фуджи», «гала», «грени смит» алма ағашының бұталары отырғызылды.