Қоғам • 13 Қараша, 2022

Салықтан жалтарғанның сазайы

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, қазынаға тиесілі салық пен өзге де төлемдерді жасырып қалуға тырысатын кәсіпкерлер әлі де азаймай отыр. Павлодар облысындағы үлкен бір серіктестіктің басшысы 165 млн теңгенің алым-салығын төлемей, жалтарып келген. Жақында бизнесмен бұл әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылды.

Салықтан жалтарғанның сазайы

Павлодар облысы бо­йынша экономикалық тергеу депар­та­ментінің қызметкерлері «Сотис-Би» ЖШС-нің басшы­сы М.Будаевтың мемлекет бюд­же­тіне салық төлемей, жал­тар­ғанын анықтаған. Қызық бол­ғанда кәсіпкер азамат 2018-2021 жылдар ара­лы­ғында ком­па­ния­ның кірісі мен шығыс­та­ры туралы бұрмаланған мә­лі­мет­тер­ге толы салық дек­ларацияларын енгізіп, салық органдарын алда­ған. Осылайша, оның қыл­мыстық әрекетінен мем­лекет бюджетіне 165 млн теңгенің зияны келтіріліпті. Фирма басшысы бірнеше салық түрлері және өзге де тө­лемдер бойынша орын алған материалдық шы­ғынға жауапты саналып отыр.

Қылмыстық ко­дек­стің 245-ба­­бына сү­йенсек, серіктестік бас­­­шысына 200 айлық есептік көрсеткішке де­йін айыппұл салынып, түзеу орнына немесе қоғамдық жұмысқа жібе­рілуі, сондай-ақ бас бос­тан­дығы үш жылға дейін шектелуі (немесе бас бостандығынан айырылуы) мүмкін.

Павлодар қаласын­да­ғы №2 сотында М.Бу­даевтың ісі қара­лып, Қыл­мыстық кодекстің жо­ға­рыда аталған бабы бойын­ша азамат айыпты деп танылды. Кә­сіп­кер қаржылық және коммерциялық ұйым­дарда бас­шы­лық қыз­мет­тер­ді атқару құ­қы­­ғынан айырылды. Ал негізгі жазадан рақым­шылық бойынша босатылды.

Экономикалық тергеу депар­таменті маман­да­рының сө­зін­ше, мемлекет тарапынан бе­рі­ліп жатқан мүмкіндіктерге қарамастан, кейбір бизнесмендер салығын жасырып, көлденең пайда табудан үміттенеді. Са­лық жүйесіне енгізілген соң­ғы жаңашылдықтар мен жұмыстың жаңа тәртіптері мұндай қыл­мыс­тардың алдын алуда зор септігін тигізеді екен.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік фи­лиа­лы директорының орын­­басары Айгүл Әлі­­бе­кованың айтуын­ша, жыл басынан бері жер­гі­лік­ті кәсіпкерлердің 1,1 мың жобасы мемлекет тарапынан қолдау тапқан. Пайыздық мөл­шер­ле­ме­лерді суб­си­дия­­лау мен кепілді не­сиелер бағ­­дар­ла­ма­ла­рын қол­дан­ған көп­­теген фирма өз шаруа­сын түзетіп, дамуға бет бұр­ған.

– Павлодарлық биз­­­нес иелері кәсіп­кер­­­лерді қолдауға ар­налған мемлекеттік бағ­дарламаларға белсене қатысуда. Биылғы 9 айда жалпы сомасы 66 млрд теңге болатын несиені субсидия­лау бойынша 590 шарт­қа қол қойылды. Кепілдік беру бағыты бо­йынша 13,7 млрд тең­геге 521 шарт жасалды, кепіл со­малардың жалпы құ­ны 6,8 млрд тең­ге­ні құрап отыр. Не­гіз­гі қол­дауды орта, ша­ғын және микробиз­нес ие­лен­ді, – дейді ол.

 

Павлодар облысы