Аймақтар • 13 Қараша, 2022

«Достықта» жайлы мектеп салынады

262 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Павлодардағы «Достық» шағын ауданында салынатын жаңа мектепті «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына енгізу ұсынылды. 2 мың оқушыға лайықталған білім ордасы қанатын кеңге жа­йып келе жатқан аумақтағы көрікті ғимараттардың бірі болмақ.

«Достықта» жайлы мектеп салынады

Облыс орталығының оңтүстік-шығысында бүгінде «Достық» атты жаңа шағын аудан қарқынды салынуда. Қазіргі күнге дейін бұл аумақта 6 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 500-ге жуық отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанған. Ауданда тағы 8 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Пав­ло­дар қаласы әкімдігінің бас­па­сөз қызметі хабарлағандай, бұл үйлердің алтауы жыл соңына де­йін «Шаңырақ» және «Бақытты от­ба­сы» бағдарламалары аясында тап­сырылмақ.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқа­қов жаңа шағын ауданда са­лы­нып жатқан тұрғын үй құ­ры­­­лысының стандарттарын бі­різ­­дендіру керек деп санайды. Барлығы «Достық» шағын ауда­нында 8 мыңға жуық пәтер тұр­ғызылып, 20-25 мың азаматты баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Тұрғын үйлерден басқа шағын ауданда қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдар қарастырылған. Атап айтқанда, әрқайсысы 1 200 орындық екі балабақша, 2 мың орындық екі мектеп, медициналық, спорттық мекемелер мен рекреациялық аймақтар. Жаңа тұрғын үй салу кезінде мердігерлер кедергісіз орта құруға мән беруде. Көпқабатты үйлердің кіреберістері пандус­тар­мен жабдықталады, ал жаңа ғимараттардың ішіндегі та­­­­бал­дырықтар кеңейтіледі. Құрылысшылар ата-аналардың да мүдделерін ескеруі керек. Мы­салы, салынып жатқан үйлер­дің біразында сәбилерге арналған арбаларды орналастыру бөлмесі қарастырылған.

«Достық» шағын ауданының жобалық ауқымы 95 гектарды құрайды. Тұрғын үйлер үш кезең бойынша салынып жатыр. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің құ­ры­лы­сы қарқынды жүргізілуде. Пав­лодар қаласының әкімі Асайын Байхановтың сөзіне қара­ған­да, мұн­­да №15, 16, 17 тұрғын үй­лер са­лынып болып қалған. Ғи­ма­­рат­тарға жылу, су және электр жа­рығы желілері тартылып, пә­тер­лердің ішінде әрлеу жұ­мыс­та­ры жүргізілуде. Үй аулаларын абаттандыру, асфальт пен жаяу жүргіншілер жолын төсеу секілді шаралар мәресіне жетті.

Ал облыстық құрылыс басқар­масының басшысы Қадылжан Сәтиев бас жоспарға сәйкес, атал­ған шағын аудандағы 65 блок-секцияда 12 қабатты үйлер және тағы алты аумақта 16 қабатты үйлер орналасатынын айтады. Ауданда балалар және ересектер емханасы, сондай-ақ мұз сарайы салынады деп жоспарланған. Бұған қоса 6 футбол алаңы мен 10 балалардың ойын алаңы жабдық­тал­мақ.

Аймақтың 2022 жылғы бюд­же­тін нақтылау шаралары аясында бұған дейін мемлекет-же­кеменшік әріптестігі аясында қол­ға алынған бірқатар жо­ба­ны ұлттық бағдарламалар аясында жүзеге асыру көзделіп отыр. Соның бірі – «Достық» шағын ауданында бой көтеретін жаңа мектеп. Өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук «Мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы» заңның 24-бабына сәйкес оқу орнының құрылысын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына ауыс­тыру туралы мәселені облыс­тық мәслихаттың сессиясында көтеріп, ұсыныс депутаттар тара­пынан қолдау тапты. Алдағы уақытта білім ордасы жаңа стан­дарт­тарға негізделіп салынатыны ауданға қоныстанған ата-аналарды айрықша қуантып отыр.

«Достықтан» пәтерлі болған Жанар Семеева екі баласының «Усолка» шағын ауданындағы №25 мектепте оқитынын айтады.

– Біз тұратын аумақ қала орта­­лы­ғынан шеткерірек, әуежай­ға қарай орналасқан. Инфрақұ­рылымдар қолжетімсіз, әлеумет­тік нысандар да енді-енді салына бас­тады. Іргеміздегі «Саяжай» ша­ғын ауданындағы мектеп ұнамағандықтан «Усолкадағы» қазақ мектебіне балаларымыз барып-келіп оқып жүр. Енді өзімізде ашылатын білім ордасы мемлекеттік тілде білім бере­тін оқу орны болады деген сені­мі­міз зор. Себебі бұл аумақта тұра­тын­дардың барлығы дерлік – өзіміздің қаракөздеріміз. Мектеп іске қосылса, балаларымызға бұ­рын­­ғыдай алаңдамайтын боламыз, – дейді ана.

Жаңа аудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету шара­лары да қазірден қолға алынуда. Былтыр мұнда ТМ-42 жылу магистралы салынған. Қаланың оңтүстік бөлігіндегі жылу торап­та­рының гидравликалық режімін жақсартуға арналған нысан үшін сорғы стансасы да тұрғызылды. Алайда оның қуаттылығы жет­пей­тіні белгілі болып, аумақта биыл тағы бір резервтік станса құ­рылысы басталған. Қазір мұнда жабдықтарды орнату шаралары жалғасуда.

 

ПАВЛОДАР