Саясат • 14 Қараша, 2022

Білім саласы – басты назарда

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілдері Айдар Әлібаев пен Талғат Омаров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен, сондай-ақ елорда тұрғындарымен кездесу өткізді.

Білім саласы – басты назарда

Іс-шара барысында олар Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Айдар Әлібаев кандидат бағдарламасында білім беру саласының дамуына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Медицина және білім беру салаларына ІЖӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлу ұсынылған. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері мұндай шара дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты. «Мұның маңызы зор, себебі бұл мамандар адами капиталдың сапасына жауап береді, ал бұл өз кезегінде отандық экономиканы дамыту үшін негізгі талап болып саналады». деді А.Әлібаев.

Кандидаттың сенімді өкілдері мемлекет алдында тұрған басты мәселе жемқорлықпен күрес екенін атап өтті. Олардың пікірінше, ол үшін ең алдымен саяси реформаларды жүзеге асыру керек және мәжілістің рөлін күшейту керек.