Қоғам • 14 Қараша, 2022

Қаскөйлерге лайықты жаза

279 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуықта «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-ша­ра­лары кезінде өңірде бірнеше заңсыз әрекет әшкере болды. Күршім ауданының тұрғыны 6320 тірі шаянды тиісті құ­жат­тар­сыз әкетіп бара жатса, өскемендік азамат 20 тонна балықты заң­сыз тасымалдаған.

Қаскөйлерге лайықты жаза

«Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-ша­ра­сы барысында Күршім ауда­нының Құйған ауылдық округіне қа­рас­ты «Қызыл ту» өтке­лінде жүр­гізілген тексеру кезінде Күр­шім ауданының Жер­гі­лікті полиция қызметі бас­қар­­масының қызметкерлері 34 жастағы жер­гілікті тұрғынның бас­қаруын­дағы автокөлікті тоқ­тат­­қан. Тек­сере келе, оның рұқ­сат құ­жат­тарынсыз шаян әкетіп бара жат­қан­дығы анық­тал­ған. Құқық қор­ғау органдары ұсынған деректерге сүйенсек, көлікте 364 килограмнан асатын 6320-ға жуық тірі шаян болған. Күршім ауданының инспекциясы залал сомасын шамамен 2 014 000 тең­гені құрайды деп есептеп отыр

– Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды келісім жасалған кезде бетперде киген, бұрын танымайтын бес ер адамнан сатып алғанын айтқан. Кейін тауарды күйеу баласының жүк көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған. Жол­да оны тәртіп сақшылары ұста­ған. Қазіргі таңда күдіктіге қа­тысты Қылмыстық кодекстің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа де­йін­гі тергеу басталды, – деді Шығыс Қазақстан облысы ПД бас­тығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Естеріңізге салсақ, браконь­ер­лікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жалпы республикалық жедел-про­филактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алдын алу опера­ция­сының жұмысына жергілікті полиция қызметі, көші-қон және криминалдық полицияның күш­те­рі, сондай-ақ, ШҚО табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруа­шыл­ығына жедел ден қою жа­сағы» инспекторлары жұмыл­ды­рылған.

25 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауда­нының аумағында Омбы-Май­қапшағай тасжолының 29-ша­қырымында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өске­мен қаласының 58 жастағы тұр­ғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатқан. Белгілі бол­ғаны, ол рұқсат құжат­та­рын­сыз 20 тоннаға жуық көксерке мен табан балығын алып бара жат­қан. Кел­тірілген жалпы шы­­ғын 116 миллион теңгеден аса­ды.

– Өскемендікке қатысты Қыл­мыс­тық кодекстің 335-бабы 1-бө­­лігімен сотқа дейінгі тергеу бас­тал­ды. Бұл бап бойынша 3 жылға дейінгі мерзімге бас бос­тан­дығынан айыру түріндегі жаза көз­делген, – деп атап өтті Думан Қожахметов.

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шаралары 19 қарашаға дейін жалғасады.

 

Шығыс Қазақстан облысы