Астана қаласындағы Ұлттық музейде «National Geographic Photo Ark» көрмесі ашылды. Kazmedia Holding компаниясы ұйымдастырған, Қазақстанда алғаш рет өткізілген бұл көрме тұқымы құрып бара жатқан жан-жануарды суретке түсіріп, құжаттауды өзіне мақсат еткен «National Geographic» зерттеушісі, табиғат жанашыры, фотограф Джоул Сарторидың бүкіл дүние жүзінің хайуанаттар бағында, аквариумдарда және жабайы табиғат қорықтарында түсірген жұмыстарын негізге алады.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Көрменің аты «National Geographic Photo Ark» деп аталды. Аңызда айтылатын жер жаһанды топан су басқанда Нұх пайғамбардың әр жануардың бір түрін сақтап қалу мақсатында кемесіне шығарып, аман алып қалған оқиғасы адамзаттың есінде болса керек. Аппаратын құшақтап, әлемді кезген Джоул Сарторидің бұл жобасы да Нұхтың озық ойын жалғастырғанмен бірдей. Ол түсірген суреттер жай ғана фото емес, жер бетінен мүлдем жойылып кетудің алдында тұрған тіршілік иесінің соңғы бейнесі деуге де толық негіз бар. Олардың ғажайып сұлулығы, тіршілік дәстүрі, тіпті жан дүниесі де сол алақандай аппараттың көзінде сақталып қалмақ. Сирек кездесетін құстарды, балықтар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушыларды, қосмекенділер мен омыртқасыздарды қосқанда, 20 000 түрдің портретін қамтыған жоба адамзатқа ой салмай қоймайды.
Аталған көрменің ашылу салтанатына қатысқан Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай:«Бүгін Kazmedia Holding компаниясы ұйымдастырып отырған осы «National Geographic Photo Ark» көрмесіне асығып жеттік. Өйткені бұл көрменің миссиясының өзі біздің ұлттық дәстүрімізбен үндес. Қоршаған ортаға, жан-жануарларға құрметпен қарау халқымыздың болмысында бар. Көрменің атауының өзі қазақтың «араша» дегенін білдіреді. Яғни ғасырдың аяғына дейін жоғалып кету қаупі бар жан-жануарлардың фотосуреттерін жұрт назарына ұсынып, араша түсіп отыр», деген ризашылығын білдірді. Сонымен бірге ол «National Geographic» журналының 6 жылдан бері қазақ тілінде жарық көріп, оқырмандарға ой саларлық дүниелер жариялап келе жатқанына алғысын айтты.
Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Джоул Сарторидің жобасының маңыздылығы мен құндылығы туралы айта келе:«Көрменің, жобаның аты өте қызық, Photo Ark, мұндағы Ark дегеніміз – Нұх пайғамбардың кемесі. Бұл жоба біздің болашақ ұрпақтарымыз үшін Алланың жаратқан осы жан-жануарлар дүниесіндегі алуан түрді сақтап қалуға бағытталған. Өйткені қазіргі таңда экономиканың шикізаттық даму моделі өзінің шырқау шегіне жеткен сияқты. Біздің мақсатымыз ішіп-жеу ғана ма? Әлде осы әлемдегі керемет сүйкімді, ғажайып, алуан түрлі жаратылыс иелерін сақтап, үйлесімде өмір сүру ме? Бір сәтке тоқтап, ойлануымыз керек. Джоул Сарторидің жобасы – «National Geographic Photo Ark» көрмесі осы тұрғыдан аса маңызды», деді министр.
Медиа-менеджер, 31-арна және бірқатар ақпарат құралының негізін қалаушы кәсіби журналист Арманжан Мерекеұлы өз сөзінде: «БАҚ-тың тағы бір өте маңызды миссиясы бар, ол – құтқару, сақтау, қорғау. «National Geographic» журналының әуелден-ақ миссиясы – планетамызды сақтау, болашақ ұрпаққа қалдыру. Мен осы журналды Еркін Жақыпов бастаған команда қазақ тілінде шығара бастағанда қатты қуандым. Сіздер ұрпақ үшін аса үлкен іс атқарып отырсыздар және оны шын мәнінде келер буын өте жоғары бағалайтын болады деп ойлаймын. Сондықтан бүгін елімізге әкелген әлемдік «National Geographic Photo Ark» көрмесінің маңызы тіптен зор», деді.
Бұл жоба болашақ ұрпақтың білімді болып өсуіне, айналадағы заттарды, құбылысты танып-білуіне қозғаушы күш болары анық. «National Geographic» журналының бас редакторы Еркін Жақыпов аталған көрмені өткізудегі мақсат жас буынды, оқушыларды, журналистер мен фототілшілерді жеріміздің ғажайып байлығын сақтауға және осы сияқты ауқымды жобаларды қолдап-қуаттауға шақыру екенін айтты.
Елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан бұл жоба осыған дейін АҚШ-тың бірнеше қаласында, соның ішінде Лос-Анжелестегі Annenberg Space for Photography-де, Еуропада – Испанияның Мадридтегі ұлттық музейінде және Азияда – Оңтүстік Кореяның Сеул ғылыми орталығында таныстырылған. Көрме Астанадағы Ұлттық музейде 11 қарашадан 4 желтоқсанға дейін жалғасады.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар