Аймақтар • 14 Қараша, 2022

Үштөбеде жоғалып кеткен жасөспірім Алматыдан табылды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апта бойы іздестірілген Үштөбелік жасөспірім табылып, үйіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үштөбеде жоғалып кеткен жасөспірім Алматыдан табылды

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының тұрғыны полиция бөліміне 17 жастағы ұлының із-түссіз жоғалғанын хабарлап жүгінген. 7 қараша күні түскен арыздан кейін, полиция тез арада сотқа дейінгі тергеу жоспарын құрып, тәртіп сақшылары іздестіру жұмысын бастайды. Ұйымдастырылған жұмыстарға мектеп мұғалімдері мен еріктілер де атсалысқан. 

Тексеру нәтижелері Талдықорған қаласындағы бейнебақылау камераларының бірі Нұрәліні түсіріп алғаны анықтайды. Сәйкесінше Талдықорған және Алматы қалаларында іздестіру шараларын ұйымдастыратын бірнеше іздеу топтары құрылыпты. Соңғы бес тәулік бойы тоқтатылмаған іздеу жұмыстары нәтижесінде кәмелетке толмаған баланың Алматы қаласында екенін анықталған. Полицейлер жасөспірімді Үштөбе қаласына алып келеді. 

Қазір бала ата-анасына қайтарылды. Жағдайы қалыпты.