Аймақтар • 14 Қараша, 2022

Павлодар қаласында жаңа көпір салынады

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласында жаңа көпір салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жасаған сапары кезінде облыс орталығын жалғайтын Ертіс өзеніндегі жаңа көпір құрылысын бастауды тапсырған еді.

«Жаңадан салынатын көпір құрылысы жобасы төрт жолақты құрайды. Ұзындығы – 2,7 шақырым. Жобаның жалпы құны – 40,3 млрд теңгеге жуық. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталмақ. Қосымша қаражат әкімдіктің қажетті құжаттар тізілімі көрсетілген бюджеттік сұранысы негізінде беріледі», деп жазылған ведомствоның хабарламасында.