Қазақстан • 14 Қараша, 2022

Ұлттық ғылым академиясын қайта құру жөніндегі комиссия құрылды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ғылым академиясын қайта құру жөніндегі комиссия құрылды

Мемлекеттік комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басшылық етеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оның орынбасары болып тағайындалды. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки комиссия хатшысы қызметін атқарады.

Сонымен қатар мемлекеттік комиссияға:

  • Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева;
  • Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков;
  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмірин;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов,
  • ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының академиктері мен ректорлары кірді.