Елорда • 14 Қараша, 2022

Астанада қар күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қар мол жауғалы бері қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бүгін қар күреу жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада қар күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

13 қарашадан 14-іне қараған түні елордадан арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылды. Ол 276 рейсті құрады.

Қар жауғалы бері барлығы 2 815 ауыр жүк көлігі қала көшелерінен қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарды.

Бүгін елорданы қар мен мұздан тазартуға 2 300 жол жұмысшысы және 1 мыңға жуық арнайы техника шықты.