Қаржы • 14 Қараша, 2022

Доллар бағамы төмендеді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 459,74 теңгені құрап, тағы 2,21 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы өсіп, 65,13 теңгені (+0,36) құрады.

Еуро және Ресей рублімен сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 474,44 теңгеге, рубльді - 7,67 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 464-468 теңгеден, еуроны - 470-478 теңгеден, ресей рублін - 7,2-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.

14 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы да біршама өсті.

Осылайша, Brent мұнай фьючерстерінің құны 0,3%-ға өсіп, барреліне 96,30 долларды құрады.

Ал WTI мұнай фьючерстері 0,3%-ға өсіп, барреліне 89,19 долларды құрады.