Қоғам • 14 Қараша, 2022

Бір айда 100 мыңнан астам автомобиль есепке алынды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың қыркүйегінде 102,2 мың автомобиль есепке алынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір айда 100 мыңнан астам автомобиль есепке алынды

Бұл ретте жеңіл автомобильдердің 10,4%-ы, жүк автомобильдерінің 20,8%-ы, автобустардың 5,6%-ы тіркелді.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 млн 362 мың бірлікті құрады. Оның 87,8%-ы - жеңіл автомобильдер, 10,2%-ы - жүк көліктер және 2%-ы - автобустар.

Статистика мәліметтері бойынша, тоғыз ай ішінде елімізде 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 15 092 адам зардап шеккен.

Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 8,9%-ға өсті.

Өз кезегінде еліміздегі сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңге сомасына 68 885 сақтандыру төлемдерін өндірді.