Қоғам • 15 Қараша, 2022

Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды

715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

№2 Атырау қалалық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды

Бақытгүл Хаменова пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ асырауында баланың болуына байланысты жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.

л

Еске сала кетсек, кеше Бақытгүл Хаменова сот алдында соңғы сөзін сөйлеп,  кінәсін мойындаудан бас тартты.

2021 жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды.

2021 жылдың 12 желтоқсанында Хаменова үй қамағына алынды. Сот оның «жалғызбасты әйел» екенін, екі баланы тәрбиелеп отырғанын, олардың бірі бала кезінен мүгедек екенін, асырауында қарт анасы барын, бұрын сотталмағанын, мемлекеттік органдардан жасырынбағанын ескерді.

2021 жылдың 23 желтоқсанында Хаменова тергеу изоляторына ауыстырылды.