Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Атырауда есірткі өндіретін фито-зертхана анықталды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының полицейлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірген 54 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап. 

Атырауда есірткі өндіретін фито-зертхана анықталды

«9 қараша күні Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қала аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, сақтаған 54 жастағы күдіктіні анықтады», деп жазды ІІМ ресми басылымы.

Анықталғандай, үйден 50 қарасора бұтасы, 2 полиэтилен қапшыққа салынған салмағы 2,7 келі кептірілген марихуана, 2 әйнек шыныға салынған шөптің дәндері табылған. 

Күдікті қамауға алынып, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен, ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.