Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Жылудың жыры: Екібастұз жұрты алаңдап отыр

261 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қараша туғалы Керекуде қыстың ызғары айқын сезіле бастады. Мұндағы көп­қабатты үйлер мен әлеу­меттік нысандарды жылыту маусымы қыр­кү­йекте басталып кетсе де, өңірдегі қазан­дық­тар мен жылу жүйе­лері­нің кейбірінде жөндеу жұ­мыстары әлі толық аяқ­талмаған. Әсіресе Екі­бас­тұздағы жылу-электр ор­талығының мәсе­лесі то­лық шешімін тап­па­­­ғаны көмірлі шаһардың жұртын алаңдатып отыр.

Жылудың жыры: Екібастұз жұрты алаңдап отыр

Өндірістік құрал-жабдығы әбден тозып, төбесінен су сорға­ла­ған Екібастұздағы жылу-электр орталығының алдағы қыс­та қаланы жылумен қамтуы үл­­кен мәселеге айналатыны туралы газет бетінде бірнеше мәр­те жазған едік. Кәсіпорын ие­лері шығыны бастан асып кеткен орталықты сақтап қалудың жалғыз жолы ретінде оны мемлекет балансына басы бүтін тегін бере салуға даяр екенін де мәлімдеген. Дей тұрғанмен облыс билігі оны коммуналдық меншікке қабылдаудан бас тартты. Акционерлерді қыспаққа алып, ақыр-соңы тамыз айының соңын ала стансада жөндеу жұ­мыс­тары қолға алынған еді.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ның­ басшысы Павел Мель­ничук қысқа әзірлік сапасы өткен жылға қарағанда ай­тар­­­­лықтай төмен боларын мо­­йындап отыр. Себебі жөн­деу жұ­­мыстары өте кеш басталды. «Павлодарэнерго» АҚ-ның екі­бас­тұздық еншілес компанияға аса жанашырлық танытпай отыр­ға­ны да айқын.

Өңірлік энергетика және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы басқармасының басшысы Ержан Салханов «Екібас­тұз­жылуэнерго» ЖШС-ында Үкімет нұсқауымен құрылған ар­найы жұмыс тобы әрекет етіп жатқанын, оның нәтижесінде қорытындылар шығарылып, өн­діріс нысанын жаңартудың нақты ша­ралары қолға алынатынын атап өтті.

– Қазіргі сәтте Екібастұздағы жылу орталығы қаланы жылумен толық қамтып тұр. Жылуға қо­суға қатысты барлық жұмыс уақытында аяқталды. Енді жылу беру маусымының нағыз шарық­тау шегіне дайындық жұмыстары пысықталуда. Негізгі жүктеме қаңтар айына түсетіні мәлім. «Павлодарэнерго» АҚ бұл бо­йын­ша міндетті дайындығын жүр­гізуде, – дейді ол.

Акционерлік қоғамның бас директорының міндетін атқа­рушы Вадим Лесин №14 қазан­дықта соңғы жөндеу жұмыс­тары аяқталып қалғанын айтады. Қазір пешті оқшаулау шаралары жүзеге асуда. Қосымша жабдықтардың барлығы қысқы кезеңге дайын тұр. Бүгінде жылу орталығының шатыры да бүтінделуде. Мерді­гер фирма аяз түскенше өзіне жүк­тел­ген жұмысты аяқтап шығуға тырысады.

– Өңірдің электрмен жаб­дық­­тау саласында мамандар тап­­­шы­лығы айқын сезілуде. Мы­салы, Павлодар қаласын­да­ғы кәсіп­орнымызда жұ­мыс штат­­тарының 15 па­йызы, Екі­бастұзда 25 па­йызы бос тұр. Қызметкерлеріміз еңбек­ақының аз екеніне жиі ша­ғым­­данады. Сондықтан бұл тығырықтан шығудың жолы ретінде жаңа тариф­тік бағаларды уәкі­летті органға ұсындық. Біз­дің ұсы­ны­сымыз әзірше қарас­ты­рылып жатыр. Қандай баға ұсынып отырғанымызды айта алмаймын, нақты тарифтік жүйені мемлекеттік жауапты органдар белгілейтін болады. Егер та­риф­тік саясат біздің көңі­лі­­мізден шыға­тын­дай ретпен қа­был­данса, кә­сіпорындағы әлеу­меттік ахуалды көтеріп, ең­бек­ақыны өсіреміз. Сәй­ке­сінше кадрлар мәселесін шеше­міз, – дейді В.Лесин.

Жалпы, қазіргі күні Павлодар облы­сының аумағында 14 энерго­­блок, 20 қазандық пен 13 тур­­бина іске кіріскен. Бұл үл­кен ша­һар­лар­дағы жылумен жаб­дықтау нысандарындағы жағ­дай. Тағы 9 қазандық пен 1 турбина резервте тұр. Энер­гия орталықтарында
1 млн 443,6 мың тонна көмір мен 15 мың тонна мазут сақтаулы. Осын­ша­ма көлемдегі отын қоры стра­те­гиялық жылу нысан­да­рының 10 тәулік бойы кідіріссіз жұмыс істеуіне жеткілікті екен.

– Бүгінде өңірде тұрмыстық көмірмен қамту шаралары да ойдағыдай жүргізіліп жатқанын атап өтуге болады. Алдағы кезең­де өңір халқына 430 мың тонна көмір қажет. Қазірге дейін 360 мың тоннасы үйлерге дейін жеткізілген. Бюджеттік ұйым­дар­ды қатты отынмен қам­­та­ма­сыз ету 96 пайызға орын­­­далды. «Богатырь Көмір», «Май­кө­бен-Вест» секілді көмір кеніш­тері­­мен, теміржол тұйық­та­рын­да орналасқан «Элит kz», «А Вест-Павлодар», «Daman Group» және «Ihsan Group Kz» серік­тес­тіктерімен бағаны ұстап тұру бойынша меморандум жасалды, – дейді Ержан Салханов.

Керекудің теміржол тұйық­та­рын­дағы бөлшектік баға кө­мір­дің тоннасы үшін шамамен 9 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін жетіп тұр. Қазіргі күні «Майкөбе» кенішінен тұрғындар көмірдің тоннасын 7 500 теңгеден сатып ала алады. Көмір «Сарыкөл» ке­ні­шінде – 6 500, «Богатыр Көмірде» 3 040 теңгеден босатылуда. Бұдан бөлек көпшілік «Қаражыра» көмірінің тоннасын 8 300, «Шұбаркөлдікін» 5 501 теңгеден алып жатқаны бай­қа­ла­ды.

Айтпақшы коммуналдық-тұр­мыстық көмірді Halykbank ұсынған «halykmarket» қосым­шасы арқылы 24 айға бөліп төлеумен сатып алуға болады. Қысқы отынды несиеге немесе бөліп сатып алу кезінде кө­мір тиеу тұйығынан жеткізу қарастырылмаған. Себебі сатып алушы өнімді алатынын растау үшін, сонымен қатар тауардың сапасына толық көз жеткізу мақ­сатында несиені рәсімдеген көмір базасына, яғни сатушыға келуге тиіс. Сәйкесінше, жет­кізу бағасы межелі пункттің қашық­ты­ғына байланысты есептеледі. Мәселен, Павлодар қаласы бо­йынша орташа жеткізу құны 5 мың теңгеден басталады. Әзірге өңір бойынша маркетплейс ар­қы­лы көмір сатып алғандар тір­кел­ген жоқ.

 

Павлодар облысы