Аймақтар • 16 Қараша, 2022

Колледждер альянсы

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі 14 колледждің бірігуімен жаңа альянс құрылды. Олар ERG кәсіпорындарының нақты сұранысы бойынша мамандарды даярлап, өңірлердің ауыр өндіріс орындарындағы кадрлар жетіспеушілігін жоюға көмектеседі.

Колледждер альянсы

Колледждер альянсына Пав­лодар, Қостанай, Ақтөбе об­лыс­тарынан 14 орта арнаулы оқу орны және Еуразиялық топ енді. Қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін техникалық кадр­ларды даярлау – өңірдегі білім беру жүйесін дамыту ба­ғыт­та­рының бірі екенін атап өткен абзал. Бұған дейін об­лыстағы 10 колледж жанынан құзырет орталықтары ашылды. Соңғы үш жылда техникалық маман­дарды даярлауға арналған мем­лекеттік тапсырыс екі есеге ұл­­ғайып, облыс бойынша бар­лық колледж студенттерінің 80 пайызын қамтыды. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ақсу қара металлургия кол­леджіне алдағы уақытта альянс­­пен бірлесіп нақты өнді­рістер мен жаңа инвестициялар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағ­дарламаларын әзірлеу мін­дет­­­­теліп отыр. Теория мен тә­жіри­бенің, дуалды оқыту формасы мен дәстүрлі оқытудың арақатынасы, түлектердің жұ­мысқа орналасуын бақылау сияқты мәселелерді шешу осы саладағы жұмыстың тамаша нәтижесі болмақ.

Облыс колледждерінде барлығы 22 мыңға жуық студент білім алады. Олардың көпшілігі колледждегі оқу­мен қатар, өңірдегі 150-ге жуық кә­сіпорында тәжірибе алу мүм­кіндігі бар. Бұл кәсіп­орын­дардың ең ірілері – ERG өн­дірістері.

– Біздің қоғамда токарь ма­ман­дығы қыздарға жарас­пайды деген теріс көзқарас қалыптасып қалған. Колледжде осы біліктілік бойынша көптеген қыздар білім алып жатыр. Бұл мамандықты игеру қиын емес, оқу барысы өте қызықты. Құзы­­реттілік орталығы алған білімі­­мізді тәжірибе жүзінде қол­дануға мүмкіндік береді, – дейді Ақсу қара металлургия кол­­леджінің 2-курс студенті Александра Букумбаева.

Павлодар облысының кол­ледждері Еуразиялық топпен ынты­мақтастық орнатқаннан бері барлығы 40 мыңға жуық маман даярлаудан өткен.

– Адамдарсыз біз ештеңе жасай алмаймыз. Сондықтан бізге жас әрі талантты, соны­мен бірге білікті мамандар қа­жет. Өнеркәсіптік маман­дық­­­тарды жас ұрпақ үшін қы­зықты ету – біздің алғашқы кезек­тегі міндетіміз, – дейді ERG акционері Александр Машкевич.

Ақсу қара металлургия кол­леджі 55 жылдық мерейтойы­на орай ERG құзыреттілік орта­лы­­ғын жаңғыртуға арнал­ған сыйлық сертификатына ие болды.

 

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы