Технология • 16 Қараша, 2022

Defense Tech 2.0: Қорғаныс министрлігі IT-жобаларының байқауын жариялады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Defense Tech 2.0 байқауын Қорғаныс министрлігінің еншілес ұйымы – «Қазақстан ГАЖ Орталығы» мен АҚ Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі бірлесіп жүргізеді, деп жазады Egemen.kz.

Defense Tech 2.0: Қорғаныс министрлігі IT-жобаларының байқауын жариялады

Байқау қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы креативті технологиялық шешімдерді іздеуге бағытталып отыр. 

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, жарияланған конкурс шеңберінде қорғаныс ведомствосының мүддесіндегі ақпараттық жүйелерді құру үшін IT-мамандарға бағыт ұсынатын техникалық тапсырмалар жұмыс істейді.

Әзірлеушілерге үш бағыт бойынша технологиялық шешімдер жасау ұсынылды. Біріншісі – курсанттар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасындағы әскери тәртіпті қамтамасыз етуді бағалау және талдау. Оған «тамақтану сапасын бақылау», «заттай мүлікпен қамтамасыз етуді бағалау», «әскери тәртіпті бағалау» модульдері де кіреді. Екінші бағыт жоғары оқу орындарына оқуға грант алу үшін мерзімді қызметтегі сарбаздарды іріктеу критерийлері бойынша көпфункционалды платформаның нұсқасын жасауды көздейді. Ал үшіншісі – Deftech порталын әзірлеу.

Айта кетейік, министрлік дайындаған техникалық тапсырмалар Astana Hub сайтында жарияланған: https://astanahub.com/ru/tech_task/khakaton-v-sfere-oborony-i-bezopasnosti-defense-tech-2-0.

Іріктеу туры осы жылдың 28 қарашасында өтеді. Жеңімпаздар бағдарламалық өнімдерді таныстыру және оларды қосымша зерделеу қорытындыларына қарай анықталады.

Сайысқа 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, IT-компаниялар, пилоттық жобаны іске асыру үшін жеткілікті ресурстары бар стартаптар қатыса алады. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа және онымен жұмыс істеуге рұқсат беру келісіммен ресімделеді.