Президент • 16 Қараша, 2022

Президент Алматы қаласының құрылысын ретке келтіруді тапсырды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Алматы қаласының құрылысын ретке келтіруді тапсырды

«Жұрттың наразылығын тудыратын тағы бір маңызды мәселе – үйлердің тығыз салынуы. Осындай құрылыстар және жолдардың ыңғайсыз салынуы көп қолайсыздық тудырып отыр. Алматы заманауи урбанистика талаптарына сай болуы керек. Қаламыз бетоннан салынған орманға айналмауға тиіс», деді Президент.

Мемлекет басшысы үкіметпен әкімдікке қала салу кезінде реттелмеген мәселелерді пысықтап, түзетулер енгізуді тапсырды.

«Алатаудың самалы қалада еркін есуі қажет. Бұл қаланың экологиясы үшін өте маңызды. Қала салу кезінде құрылыс компанияларының емес, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі ескерілуі керек. Заңдарымызда бұл жағдай нақты реттелмеген. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, осы мәселені пысықтап, заңға тиісті түзетулер әзірлеуді тапсырамын», деді Қ.Тоқаев.

Президент осы аталған жұмыстар Алматыны мейлінше жайлы, қолайлы қала ретінде одан әрі дамыту үшін қажет екенін атап өтті.

«Шаһарда Ботаникалық бақ сияқты қоғамдық орындар көп болуға тиіс. Кейбір аудандарда осындай нысандар мүлдем жоқ. Қала әкімдігі осы ахуалды түбегейлі өзгертуді көздеп отыр. Жұрттың демалуына арналған бес орталық салу жоспарда бар. Мен мұны толық қолдаймын. Бірақ, жұмысты сапалы орындау қажет», деді Мемлекет басшысы.