Қоғам • 16 Қараша, 2022

Әйелдердің құқықтарын қорғауға назар аударуымыз керек - Президент

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуде қоғамдағы әйел мәртебесі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдердің құқықтарын қорғауға назар аударуымыз керек - Президент

«Прогрессивті елдің тағы бір маңызды белгісі - әйелдің қоғамдағы мәртебесі. Сондықтан біз әйелдердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударуымыз керек. Соңғы жылдары біз бұл мәселеде айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту және еңбек кемсітушілігін жою үшін кешенді шаралар қабылданды.

Ана мен бала тәрбиесі үшін жағдай жақсарды. Мемлекет жүйелі деңгейде әйелдердің саясатқа, мемлекеттік басқаруға, бизнеске қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жаһандық рейтингтерге сәйкес, гендерлік теңдік бойынша Қазақстан Сингапурмен, Оңтүстік Кореямен, Жапониямен, Біріккен Араб Әмірліктерімен қатар Азияның жетекші елдерінің қатарына тұрақты кіреді», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол біздің тарихымызда әйелдер әрқашан маңызды рөл атқарғанын және қоғамда ерекше орын алатынын сөз етті.

«Ұлы даланың қыздары халқымыздың мәдени дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтарының сенімді сақтаушылары болды. Сондықтан прогресс пен жасампаздық жолында тұрақты түрде алға жылжып, біз әйелдердің құқықтарын шектейтін менталитетімізге жат тенденцияларға берілмеуіміз керек», деді Президент.