Тергеу аясында «БЖЗҚ» АҚ-на заңнамада белгіленген мерзімде қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салынды. Алайда сұралған ақпарат берілмеді.
Монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік іс қозғалды.
Сот қаулысымен «БЖЗҚ» АҚ 100 АЕК (306 мың 300 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, 11 қарашада Ақтауда «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалына 6 миллион теңге айыппұл салынды. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының тұтынушыларды қосу кезінде дәнекерлеу және монтаждау жұмыстары бойынша қызмет көрсету нарығындағы әрекеттерінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілерін анықтады.