Саясат • 17 Қараша, 2022

Ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова республикалық психи­калық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар қаласындағы филиалында болды.

Ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер

Орталықта ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтар оңал­тудан өтеді. «Мені осы мәселені жақсы білетін адам ретін­­де қабыл­дағандарыңызды қалаймын. Өйткені бұл мәсе­­ле жа­қын адамдарымның да өмірінде болды. Барша қазақ­стан­дық­тардың басында мұндай келеңсіз жағдай ешқа­шан болмаға­нын қалаймын. Павлодардағы орталыққа осы се­беп­пен келдім. Әрине, біздің аймақтық штаб зауыт, ауру­хана секілді мекемелерді ұсынды. Бірақ мен сіздердің мәсе­ле­леріңізге бейжай қарай алмаймын, елдегі есірткі мен ішім­діктің таралуына байланысты ахуалды өзгерткім келеді», деді ол.

С.Тұрсынбекова әлемдік және отандық статистиканы еске салды. «Әлемде психоактивті заттарды белсенді түрде қолданатын шамамен 275 миллион адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепкер болады. 19 миллион халқы бар Қазақстан үшін есірткі тұтынудың аз ғана көрсеткіші ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркелген. Оның ішінде 1,5 мың әйел бар», деді кандидат.