Саясат • 17 Қараша, 2022

ЖСДП атынан президенттіктен үміткер Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасы

387 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
ЖСДП атынан президенттіктен үміткер Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасы

Қазақстан 30 жылдық тәуелсіз дамудан кейін ел дамуын тежейтін бірқатар жүйелі мәселеге тап болып отыр.

Жемқорлық мемлекетті басқару жүйесінің тиімсіз жұмыс істеуіне әкеп соқтырды.

Ел экономикасы – халықтың игілігіне жұмыс істемейтін олигархтардың немесе квазимемлекеттік компаниялардың қолында. Қатардағы қазақстандықтар жыл өткен сайын кедейлене түсуде. Азық-түлік бағасының ұдайы өсуі қалыпты жағдайға айналды. Халықтың несиеге деген тәуелділігі күшейіп барады. Халықты құтқаруға тиіс әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы да мәз емес.

Ауруханалардағы төсек-орын жеткіліксіздігі пандемия кезінде өлім көрсеткішін көбейтті. Мектептегі орын тапшылығы өскелең ұрпақтың жарқын болашаққа деген үмітін үзуде. Сапалы білім ала алмаған жастарымыз бәсекеге қабілетсіз болады. 

Қоғам, бизнес және мемлекетті тепе-теңдік жағдайына қайтару керек: азаматтарымыз қайта пайда табуы, бизнес олигархат пен мемлекеттің қудалауы мен қысымынан қорықпай, адал жұмыс істеуі.

ЖСДП ұраны – «Еркіндік. Әділдік. Ынтымақ!». Мен әр шешімі азаматтарымыздың игілігіне жұмыс істеп, пайдасына асырылатын әлеуметтік-жауапты тәртіпті орната алатынымызға сенемін.

Парақорлықпен күресте, әсіресе саяси деңгейде батыл шаралар қол­данылмаса, Қазақстан тұрақты даму жолына түсе алмайды деп есептеймін.

Саяси жүйені өзгертіп, мемлекет пен экономиканы әділ басқаруды қалыптастыру керек. Қазақстан парламенттік-президенттік республикаға айналуға тиіс.

  • Сенат таратылады, ал Мәжіліс заң шығаратын жалғыз билік органы болып қалады. Депутаттардың саны арттырылады.
  • Үкіметті Мәжіліс құратын болады. Президентте жай ғана министрлер кабинетінің құрамын бекіту құқығы қалады.
  • Мәжіліс құрамының 50%-ы партия тізімі бойынша, ал қалған 50%-ы бір мандаттық округтардан құрылады.
  • Халықтық парламенттік бақылау жемқорлықтың ең басты тосқауылы.

Корпоративтік, олигархиялық экономика мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Санаулылардың пайдаға кенеліп, миллиондаған адамның кедей күн кешуі – нағыз жұтау.

  • Біз егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, ұрланып, оффшорға жасырылғанның бәрін елімізге қайтаруға міндеттіміз. Жобалай есеп Ұлттық қорымыздың үшеуіне тең келетін әлеует шет елде жатқанын көрсетіп отыр.
  • Табиғи қазбаларды өндірумен және экспорттаумен айналысатын салаларды бірте-бірте мемлекеттендіруге байқау жарияланады. Ұлттық өңдеуші өнеркәсіпке басымдық беріледі.
  • Салық саясатын толықтай қайта қарастыруымыз керек. Нарықта ауқымды үлесті иеленіп отырған компаниялар мен корпорациялар ел бюджетіне айтарлықтай көп төлем төлеуге тиіс. Ол қаржы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, мемлекет қарызын азайтып, Ұлттық қорды құтқаруға жұмсалады.
  • Біз монополияға қарсы сенімді тосқауыл орнатамыз. Рационалды көлемнен асып түскен кез келген компания Парламенттің назарына ілініп, халық алдында есеп береді.

Мемлекеттің қазіргі әлеуметтік саясаты қазақстандықтарды деградацияға ұшыратқанын мойындауға мәжбүрмін. Балалар сапалы білім, ересектер лайықты медициналық қызмет алып жатқан жоқ.

Адам – менің саясатымның басты назарында.

  • Мен адамның барлық негізгі қажеттілігі ескерілетін қазақстан­дық­тар­дың өмір сапасының стандартын енгіземін.
  • Медицина және білім саласы бюджеттен қаржыландырылады. Әр салаға жылына ІЖӨ-нің ең кемі 5-7%-ы бөлінуі керек. Біз азаматтарға қанша мектеп пен аурухана қажет болса, сонша салатын боламыз.
  • Мен тұрғын үй бағдарламаларын толықтай қайта қарастырамын. Қазіргі кезде олар құрылыс салушылардың мүддесі мен қалтасына жұмыс істеуде. Бұл жағдай тұрғын үйдің қымбаттауына әкеліп жатыр.

Мен Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуын қайта қарауға ниеттімін. Менің позициям – стратегиялық салалардағы қалыпты протекционизмді ұстану.

Социал-демократия бағыты Қазақстанға елде тәртіп орнату және мемлекеттің назарын халыққа аударту үшін қажет.

Біз ынтымақтастық, әділеттілік және еркіндік арқылы қайшылықтар мен жүйелі мәселелерді жеңе аламыз деген сенімдеміз.

Халық билігі мен еркін қоғам үшін!

 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.С. Әуесбаевтің сайлауалды штабымен әзірленді. Тапсырыс беруші: Н.С. Әуесбаев ҚР Республикалық бюджетінің қаржысынан төленді