Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 16 қарашада сағат 21:10-да Складская көшесі, 6 мекенжайында ағаш паллеттер мен қойманың шатыры өртенген.
«Өрт ауданы 500 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр», делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнына ТЖД (35 қызметкер, 10 техника бірлігі), полиция департаментінің (10 қызметкер, 3 техника бірлігі), ҚТЖ (3 адам, 1 техника бірлігі), «Қостанай-Су» МКК (1 адам, 1 техника бірлігі) күштері жұмылдырылды.