Аймақтар • 17 Қараша, 2022

Алматыда жол апаты көбейген

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер Алматыда жауған қардан кейінгі жол-көлік оқиғалары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жол апаты көбейген

Тәртіп сақшылары соңғы тәуліктегі  жағдайға мониторинг жүргізген.

«16 қараша сағат 08:00-ден 17 қараша сағат 08:00-ге дейін Алматыда 136 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 26 жол апатында зардап шеккендер тіркелген. Адам шығыны жоқ», деп хабарлады Алматы қалалық полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімі. 

Осыған байланысты полицейлер алматылықтарға үндеу жасап, жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

«Бұл үндеу қауіпті қозғалыс құралын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді», деді Алматы қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ ол көліктегі жазғы дөңгелекті қысқысына ауыстыруды ұсынды.

«Сонымен қатар ауа райының нашарлауына және қар жауғанына, ауа температурасының минус деңгейге дейін төмендеуіне байланысты, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелеріне көлік дөңгелектерін қысқы мезгілге арналған дөңгелектерге ауыстыруларын ұсынамыз», деді Ұзабаев.