Қоғам • 17 Қараша, 2022

«Дәл қазір айта алмаймын»: Министрлер қанша жалақы алады?

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының кулуарларында Қаржы министрі - Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің айлық табысы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Дәл қазір айта алмаймын»: Министрлер қанша жалақы алады?

Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақы мөлшері еңбек өтілі мен біліктілігіне қарай белгіленеді.

«Барлығы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, олардың жалақысы 500-600 мың теңгеден басталып, 1,5 – 1,7 млн теңгеге дейін жетеді», деді Ерұлан Жамаубаев.

Осы орайда, тілшілер Премьер-Министрдің табысы туралы сұрады.

«Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, айта аламын. Дәл қазір айта алмаймын», деп жауап берді Қаржы министрі.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35