Аймақтар • 17 Қараша, 2022

Ірі көлемде заңсыз алкоголь сатқан ақмолалық тұрғын сотталды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 тоннаға жуық алкогольді сатуға әрекеттенген Ақмола облысының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ірі көлемде заңсыз алкоголь сатқан ақмолалық тұрғын сотталды

Ақмола облысы бойынша Қаржы мониторинг агенттігі алкоголь өнімдерін өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Оқиға болған жерді қарау кезінде автокөлік тіркемесінен спирті бар сұйықтық толтырылған әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын 24 пластик ыдыс табылды. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қорытындысына сәйкес, тәркіленген сұйықтықтың жалпы құны 27,5 миллион теңгеден асады», делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша, сот үкімі Батжановқа А.Т. қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеп, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.