Қазақстан • 17 Қараша, 2022

Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

McDonald's өзінің Қазақстандағы барлық қаласындағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады

«Қазақстандағы McDonald's 18 қарашадан бастап жергілікті жеткізушілердің жұмысындағы шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланатын болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталмыш компанияның  мейрамханалары Қазақстанның бірнеше қаласында бар. Атап айтсақ  Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24  мейрамхана 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр .