«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі - Тәуелсіз директор болып сайланды», делінген компанияның ресми сайтында. Хабарлама 2022 жылдың 17 қарашасында жазылған.
Қырымбек Көшербаев 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын, 1991 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Құрылыс инженері, саясаттанушы. Саясаттану ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты. I классты Төтенше және Өкілетті өкілі (2003).
Ол Қазақстанның Ресейдегі, Финляндиядағы және Армениядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2006 жылдан 2011 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды. 2012 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі, 2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2013-2019 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, ал 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарды.
І дәрежелі «Барыс», «Парасат», II дәрежелі «Барыс», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен марапатталған.