Көлікті 41 жастағы әйел басқарған. Сараптама актісіне сәйкес әйел алкоголь тұтынғандықтан жеңіл дәрежеде мас болған.
Тексеру кезінде әйелдің бұрын да мас күйінде көлік құралын басқарғаны анықталды.
«Осы факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі "Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы" бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.