Спорт • 17 Қараша, 2022

Азия жасөспірімдер рейтингі: Қос қазақстандық теннисші көш бастап тұр

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия жасөспірімдер рейтингі: Қос қазақстандық теннисші көш бастап тұр

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Альбина Кәкенова бұрынғыша көш бастап келеді. Оның есебінде 3922 ұпай бар.

Сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-ракетка) мен астаналық Ариана Гогулина (8-ракетка) үздік ондыққа енді.

Ал 16 жасқа дейінгі қыздар арасында алматылық Сафина Сафиуллина 720 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Алматылықтар Полина Слепцова алтыншы, Айя Нұпбай тоғызынша сатыда. Бозбалалар арасында астаналық Кәрім Темірлан 2-орынға жайғасса, алматылық Тихон Сорокин 7-сатыға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Грекиядағы турнирде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен қазақстандық төреші күміс белгі иегері атанды.

Михаил Кукушкин Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына шықты.