Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 05.20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған.
«Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.