Елші Украинадағы жағдайға байланысты осы елде тұратын және жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары Польша астанасы – Варшавада дауыс бере алатынын айтты.
«Қазақстанның Польшадағы елшілігінің жанынан дауыс беруге арналған учаске құрылды. Украинада Қазақстанның 11 азаматы Варшавада дауыс береді», деді Жалғас Әділбаев.
Оның айтуынша, жалпы шетелдегі барлық учаскелер бойынша сайлаушылар тізімінде 12 527 адам бар. Қазақстанның 50 елдегі дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс беруге арналған 68 учаске жұмыс істейді.
14 қарашада Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашпайтыны белгілі болды.