Қоғам • 18 Қараша, 2022

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына пәтер берілді

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының атынан ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына пәтер берілді

Ал өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, ал Аян Кемпіровтің жағдайы – орташа дәрежеде.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.