Ауа райы • 19 Қараша, 2022

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірде ескерту жариялады. Мамандардың айтуынша,  20 қарашада ауа райы күрт бұзылады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Атырау облысының шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігін тұман басады.

Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі.

Алматы қаласында түнде және таңертең, сондай-ақ тұман болжанады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз батысында көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35