Сайлау • 20 Қараша, 2022

Омск, Бішкек және Делиде дауыс беру басталды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Омск, Бішкек және Делиде сайлау учаскелері ашылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Омск, Бішкек және Делиде дауыс беру басталды

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Шетелдегі сайлау учаскелерін қосқанда барлығы 8 162 нүктеде дауыс беру басталды. Еліміздегі 8150 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр.

Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады. Кейінірек Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Джакарта және Бангкок қалаларында дауыс беру учаскелері ашылды.