Сайлау • 20 Қараша, 2022

Алматы облысының тұрғындары сайлауда белсенді - Исабаев

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы мәдениет үйінде орналасқан №949 сайлау учаскесінде болашақ ел Президенті үшін дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының тұрғындары сайлауда белсенді - Исабаев

«Бүгін мен конституциялық құқығымды пайдаланып, азаматтық борышымды орындадым. Тұңғыш рет біз президентті жеті жылдық мерзімге сайлап отырмыз. Сондықтан алдағы жеті жылда болатын еліміздің маңызды бағыттары бүгін айқындалады», деді әкім журналистерге.

Оның пікірінше, Алматы облысының тұрғындары белсенді түрде дауыс беруде.

«Бүгін таңертең Алматы облысының тұрғындарының белсенді түрде дауыс беріп жатқанын сайлау учаскелерінен байқауға болады деп ойлаймын», деді аймақ басшысы.

Алматы облысында барлығы 606 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.