Солардың бірі Нұржан Маханбетияр, Қазалы гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті. Осы жылы 18 жасқа толып, сайлау құқығына ие болған жас сайлаушы бұл мүмкіндікті қалт жібермей, өзінің азаматтық борышын абыроймен орындады. Өз дауысының ескерілетініне қуанышты студентке естелік сыйлық табыс етілді.
Қызылорда қаласындағы №172 сайлау учаскесіне да тұңғыш рет таңдау жасаған Айым Әбілдаеваға ең жас дауыс беруші ретінде естелік сый табысталды.