фото: Ерлан Омар
Әлішер Айтпаев пен Дәмелі Дәуренқызы бүгін үйленіп жатыр. Өздері үшін маңызды күнде жас жұбайлар ел болашағы үшін таңдау жасаған.
«Көңіл күйіміз өте керемет. Сайлауда дауыс беру - әр қазақстандықтың азаматтық міндеті. Себебі бұл - мемлекетіміздің болашағы үшін жасалатын таңдау. Тойымыз да бүгін өтеді. Бірақ бұны алдын ала жоспарлаған жоқпыз, сайлау күні мен үйлену тойымыз бір күнге сәйкес келіп қалды. Бірақ кеше сайлауға міндетті түрде қатысамыз деп шештік», дейді жас отбасы.