Сайлау • 20 Қараша, 2022

Маңғыстауда 411 103 сайлаушы бар

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы барлық сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің мемлекеттік Әнұранын шырқалып, дауыс беру учаскелік төрағалардың құттықтауынан кейін Президент сайлау басталды, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда  411 103 сайлаушы бар

Құзырлы орындардың хабарлауынша, барлық сайлау учаскесі қажетті материалдармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалған. Облыста барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы және 243 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 83 сайлау учаскесі Ақтау қаласында орналасқан. Сайлау комиссияларының құрамында 1 765 адам бар. Облыс бойынша 411 103 сайлаушы бар.

Тұрғындар өз сайлау учаскесін бірнеше нұсқа арқылы біле алады. Яғни, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторлары SMS-хабарлама арқылы алынған «109» байланыс орталығының қысқа нөмірі бойынша білуге ​​болады. Екіншіден, тұрғылықты мекенжайыңызды көрсету арқылы учаскелік сайлау комиссиясынан білуге ​​болады. Үшіншіден, Kaspi.kz және Halyk қосымшаларынан да біле алады.